Ақмола облысы білім басқармасы Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Красный Яр ауылының # 3 көпсалалы мектеп - гимназиясы жоспарына сәйкес 2021 жылдың 17 қараша күні тірек мектеп пен магниттік мектептер желілік қоғамдастық ұстаздарымен қалалық "Білім сапасын арттыру: мұғалім мен оқушы құзыреттілігінің нәтижесі" тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: білім алушылар мен мұғалім құзіреттілігін арттыру арқылы білім сапасын арттыру, желілік қоғамдастық жұмысын тиімді ұйымдастыру, іс-тәжірибе алмасу.
Сабақты бақылау - оқушылардың оқу жетістігін арттырудың, сапаны көтерудің мықты құралы болғандықтан ашық сабақтарда жаңартылған бағдарлама аясында түйінді идеялар жүзеге асырылды, бағалау критерийлері, оқушылардың білім мен дағдылары қалыптастырылды. ПШО тренерлері Майра Исполовна мен Салтанат Рустемовна тарапынан ұстаздарға ашық сабақтарына сындарлы кері байланыс беріліп, әдістемелік қолдау жасалды. Красный Яр ауылының # 1, # 2 ЖББМ, Чайкино ауылының # 15 НМ, # 22 НМ педагогтары кері байланыс бере отырып, іс-тәжірибе алмасудың пайдалы болғанын, семинардың маңыздылығын атап өтті. Осындай жұмыстардың алдағы уақытта да ұйымдастырылуының маңыздылығын атап өтті. Қалалық семинарға қатысушыларға мектеп-гимназия ұжымы атынан алғыс айтамыз.