10.12.2021
Красный Яр ауылының көпсалалы мектеп-гимназиясының 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» атты тәрбие сағат өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттермен таныстыра отырып, оның адам ағзасына зияны туралы түсінік беру.
«Бірінші байлық – денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларға денсаулықтың қадірін түсіндіріп, оны сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттердің зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.