"Красный Яр ауылының # 3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" КММ уақытша бос жұмыс орнына байқау жариялайды: Ағылшын тілі пәні мұғалімі - 16 сағат, оқыту тілі қазақша (декреттік демалыстағы мұғалімнің орнына)
Байқауды өткізу мерзімі: 01 - 04.02.2022 жылы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы # 568 бұйрығы негізінде конкурсқа қатысуға ниет білдіртен адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1. Осы қағидаларға 10 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрақтылықты мекен - жайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
4. Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ - 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21579 болып тіркелген)
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог модератордың, педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10. 11 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Түйіндемені мектеп - гимназияның электронды мекен - жайына жіберуге болады: kkssh3@mail.ru
Мектеп - гимназия мекен - жайы: Красный Яр ауылы, Тәуелсіздік 10, телефоны 87162404590