2022 жылдың 9 ақпаны күні Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық» онкүндігінде ZOOM платформасы арқылы «Сүйіспеншілік өмір негізі» атты 5-6 сынып оқушыларымен пікір талас өтті. Пікір таласқа Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент бірнеше оқулықтар, ғылыми мақалалар және көптеген еңбектердің авторы Әрінова Бақыт Айтуқызы, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша тренер, аға оқытушысы Көлбаева Жұлдыз Ағаділқызы қатысты. Пікір талас барысында сұрақ-жауап арқылы ой бөлісіп, көкейкесті сұрақтарға жауап алдық. Еңбек жолдарындағы ақпараттармен бөлісті. Пікірталас қызықты да, тартымды өтті.