Текст
Ақмола облысы білім басқармасы мен “IQanat” білім беру орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес қазақстандық және халықаралық жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктеріне тең қол жеткізу үшін ауыл мектептері оқушыларын қолдау мақсатында 2022 жылғы 11-13 ақпан күндері Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы “Білім - инновация” лицей - интернатында ауыл мектептерінің 9 - сынып оқушылары үшін “Hucuton” IT - camp өтті. Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Красный Яр ауылының N 3 көпсалалы мектеп - гимназиясының 9 сынып оқушысы Кенжегалиев Есткали жобасын қорғап, күміс Дипломмен марапатталды.