Текст
2022 жылдың 24 ақпанында Красный Яр ауылындағы №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы мен «Бэйби Бум» ЖШС «Мансур», «Амина» балабақшасы арасындағы меморандум негізінде «Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық – мектепке сапалы дайындық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: екі буын арасында тығыз байланыс жасай отырып, баланы жүйелі сатылы дамыту. Мектеп-психологы А.Х.Агайдарова психологиялық тренинг өткізіп, мектеп алдындағы қорқыныш, оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуден шығу жолдары жайлы мәлімет берді. Бастауыш сынып мұғалімі Л.У.Шарипова, «Мансур» балабақшасының «Бал бала» ересек топ тәрбиешісі Г.А. Исхакова мектепке сапалы дайындық тақырыбында ой бөлісті. Іс - тәжірибе алмасты.