Текст
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Оқуға құштар мектеп" жобасының жұмысы жалғасын табуда. № 3 Красный Яр ауылының көпсалалы мектеп - гимназиясының кітапхана меңгерушісі Ш.Е. Омарова мектеп кітапханасында "Мен ертегі әлемінде болғым келеді" атты іс-шара өткізді. 1 "в" сынып жетекшісі Р.Е.Ергалиева оқушыларымен "Бауырсақ" ертегісін қойды. Ертегі оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.Еретегі соңында оқушылар "Буккроссинг" көрмесіне кітап сыйлады.