Биылғы жыл «Жастар жылы» болып жарияланып, осы үлкен жоба аясында жүріп жатқан жұмыстардың бірі - ол қала мектептерінің арасында жүріп жатқан үйірме жұмыстарының жыл соңындағы есеп беру «Көркемөнерпаздар байқауы" өтіп жатыр. Осы байқау бүгін №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп- гимназиясында өтті. Байқауға мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау «Біз жастарға сенеміз!» атты айдармен ашылып, музыка пәнінің мұғалімі Садыкова Гүлнар Екпінқызының дайындаған, әр тақырыпты қамтыған өлеңдермен, Би үйірмесінің жетекшісі Нуртазина Арай Еділбайқызының «Ди-нар-ай» би тобының мың бұралып билеген бишілерінің әсем билерімен көркемделді. Сонымен қатар, мектептің ата-анасы Шапи Хатира өзінің екі қызы, біздің мектептің окушылары - Бибижамал және Нұржамалмен қосылып, қазақтың әсем әнін домбыра және ұрмалы аспаптармен тартымды орындап шықса, "Домбыра" үйірмесінің жетекшісі Бажикенова А. Н. үйірме окушыларымен "Әке толғауы" және "Наркескен" күйін де жоғары дәрежеде ойнап шыққандығы соншалық, отырғандарды таң қалдырды. Байқау өтетін акт залының ішін тақырыпқа сай безендірген технология пәнінің мұғалімдері Айтенова Б.У. мен Адилов С.Ш.-тың жұмысын жоғары деңгейде екендігін келген комиссия мүшелері бір ауыздан құптап, алғыстарын білдірді. Байқауға қатысқан әр ұстаз бен оқушыларға, көмек берген ата-анаға алғысымыз шексіз.