Текст
16.04.19 күні English драма клубында кезекті ертегіміз болды. Ертегінің аты «Мұз ханшайым». Мақсаты оқушыларды ағылшын тілінде еркін әңгімелесуге, сөздік қорларын молайтуға, кейіпкерлердің образдарына ене білуді және де сахнада образды көрермендерге жеткізе білу. Тәрбиелік мақсатқа келетін болсақ –достаққа, мейірімділікке, татулыққа, бауырмашылыққа үйрету. Қойылымға қатысқан балалар 5-6-7 гимназия сыныптарының оқушылары. Қойылым барысында оқушылар өте жақсы ойнап шықты. Біз өз мақсатымызға жеттік. Сонымен қатар әрі қарай да осы тәртіппен шығармашылық топ жүйелі жұмыс жасайды. Жетекшісі: ағылшын тілі мұғалімі Даулетбаева Меруерт Султанбековна.