"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Үздік әдістемелік бірлестік- 2019"

30.04.2019

Мектеп - гимназияның 2016-2019 жылдарға алынған жұмыс тақырыбының аяқталуына байланысты бүгін # 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп - гимназиясында "Үздік әдістемелік бірлестік- 2019" байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: кәсіби деңгейі жоғары, жаңашыл сипаттағы, бәсекеге қабілетті, шығармашылықпен жұмыс жасайтын табысты әдістемелік пән бірлестіктерін анықтау, қолдау, озық тәжірибелерін тарату. Мәнді де мағыналы іс-шара қонағы болуға қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, #1 КОМ, # 2 КОМ әкімшілігі мен ұстаздары шақырылды. " Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" дегендей әр пән бірлестігі өздерінің жаңашылдығын, іскерлігін, шығармашылықтарын портфолио, көрме, презентациялары арқылы дәлелдей білді. Әділ қазылық жасаған қонақтарымыз пән бірлестіктерінің жұмысына жоғары баға бере келе Бас жүлдені бастауыш сынып әдістемелік пән бірлестігі, 1 орынды қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі, 2 орынды музыка, сызу, көркем еңбек пәндері әдістемелік бірлестігі, 3 орынды физика және информатика пәндері әдістемелік пән бірлестігі жеңіп алды. Сондай-ақ " Үздік бірлестік жетекшісі", "Нәтижелі ұстаз", "Жыл үздігі", "Бірлестік үздігі" тағы басқа номинациялар өз иелерін тапты. "Жақсыны көрмекке" демекші, іс-тәжірибе алмасқан әріптестерімізге алғыс білдіре отырып табысты еңбек жолын тілейміз!

Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст