Текст
Қазақ қоғамында отбасы-өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы –үміттің өшпес алауы. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі-бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып,өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-ана мен баланың , келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы да қарым-қатынасынан құралады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Осы орайда, 15-мамыр – Отбасы күні №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында ата-аналар жиналысы болып өтті.