"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыңғырла соңғы қоңырау!

30.05.2019

Қоңыраудың сыңғырлаған тәтті үні,

Жүрегімді әлі күнге тербейді.

Ойлағанда балалық шақ шаттығын,

Өткен күнге сағынышым өрлейді. 2019 жылғы 25 мамырда 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гиназиясының қара шаңырағында дәстүрге айналған Сыңғырла, қоңырау атты мерекелік кеш салтанатты түрде өтті. Бұл күн –ұстаздар, ата-аналар, түлектер мен оқушылар үшін ерекше күнге айналды. Мереке барысында мектеп бітіріп, өмір жолына қанат қаққалы отырған түлектеріміз жылы лебіздерін айтып, тәрбие мен білім берген ұстаздары мен мектеп ордасына алғыстарын білдірді. 11-сынып оқушыларының ізін басып келе жатқан ізбасарлары, 1-сынып оқушылары, аға-әпкелеріне ақ жол тілеп, сәт сапар жолдады. Атаулы оқу жылындағы нәтижелі білім және тәрбие жетістіктеріне қол жеткізген оқушыларымыз мақтау қағаздарымен, грамота, сертификат және Үздік шәкірт төсбелгілерімен марапатталды. Кеш қонақтардың , ата-аналардың көңілінен шықты. Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды.  

Просмотров: 443


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст