Текст
Бүгін - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің тарих мамандығының докторанты Капбасова Диана Серикбаевна келіп, оқушыларға саяси репрессия құрбандары жайлы ақпарат берді. Қазақстанда болған лагерлар жайлы, көптеген қайраткерлердің жазықсыз жазаға ұшырауы жайлы сөз қозғалып, оқушылармен ақпарат алмасты. Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес. Бұл - тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың ұлағатты ісі.