№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында 2019 жылғы 29 мамырдан-02 маусым аралығында 5 күндік оқу-дала жиыны өтті. 10-сыныптың білім алушылары білім стандартына сәйкес жыл бойы алғашқы әскери дайындық пәнінен дәріс алды. Практикалық бөлімнің 30 сағаты оқу-дала жиыны түрінде өткізілді. 10-сыныптан 16 ер бала дала жиынына қатысып, 1 бала денсаулығына байланысты босатылды. Оқу-дала жиынының барысында взвод командирі ретінде Хибатолла Айбек тағайындалса, 1 бөлімше командирі-Батырбай Али, 2 бөлімше командирі-Кайрбеков Мади болды.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Усаев Арман Искаковичтың басшылығымен 16 сағат тактикалық дайындық, 4 сағат атыс дайындығы, 4 сағат жалпы-әскери жарлығы, 4 сағат саптық дайындық және 2 сағат әскери топография дайындықтар өткізілді.
Оқу-дала жиынының барысында оқушылардың бойында батылдылық, табандылық, патриоттық сезімдер оянып, ел тыныштығын сақтайтын ер азаматтарымыз тәрбиеленді.