"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ұлттық ою-өрнектермен таныстыру"

05.06.2019

Мектебімізде "Болашақ-2019" жаздық ойын-сауық лагері өзінің кезекті жұмысын жалғастыруда. Жұмыс барысында, "Қолөнер"- үйірмесінің жетекшісі М.К.Тогаева "Ұлттық ою-өрнектермен таныстыру" атты тақырыпта балаларға ою жасатып, сол жасаған оюлардың шығу тарихымен таныстырды. Үстел теннисі үйірмесінің жетекшісі Н.Т.Абылқалықов пен шахмат үйірмесінің жетекшісі Т.Д. Дүйсенбаев балаларға теннис пен шахматтың ойын қауіпсіздігімен және ойын тәртібімен таныстырды . "Ырғақ" үйірмесінің жетекшісі Б.М.Шалагаева "Қара жорға" биін билетті. Мектеп кітапханашысы Ш.Е Омарова "Кейіпкерлерді бояу" тақырыбында ертегі кітабынан сүйікті кейіпкерлерін балаларға әсемдеп, боятты. Мектеп психологы М.К.Тұйғынбекова "Бразилиялық әже" атты тренинг өткізіп топпен әр түрлі қимылдармен қозғала, қызықты жаттығулар жасатты. Лагерь Тәлімгері Г.С.Амангелді "оригамми, қолөнер" сайысын өткізді.Театр үйірмесінің жетекшісі М.С. Даулетбаева. "Бауырсақ" ертегісін қойылымдаса, "Логика әлемі" үйірмесінің жетекшісі М.С.Сатанова қызықты сөзжұмбақтар мен логикалық ойындар ойнатты!

 
Просмотров: 338


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст