Текст
Мектебімізде "Болашақ-2019" жаздық ойын-сауық лагері өзінің кезекті жұмысын жалғастыруда. Спорт үйірмесінің жетекшісі Н.А.Темірғали балаларға таңертеңгілік қызықты жаттығу өткізумен бастады. "Ырғақ" үйірмесінің жетекшісі Б.М.Шалагаева "Күй шашу" биін билетті. Лагерь Тәлімгерлері Г.С.Амангелді мен Ұ.Н.Каракаева "Елордамыз Нұр-Сұлтан" атты тақырыпта, балалардың шығармашылығын шыңдау мақсатында, сурет салғызды.Театр үйірмесінің жетекшісі М.С. Даулетбаева. ертегіні рөлге бөліп, қойылымдаса, "Караоке" үйірмесінің жетекшісі Г.К.Сабиржанова" Песенка крокодила Гены" әнін үйретті. "Өнерлі - өрге жүзер" үйірмесінің жетекшісі А.С.Саденова "Ән салайық" тақырыбында көптеген әндер шырқады!