|
|
Ұмытпаңыз, алтын ұя мектебіңді,
Ұстазыңды,балалық шақ көктеміңді.
Орындап мақсат-міндет,арманыңды,
Жасай бер,туған елге еңбегіңді.
|
|
№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында жыл сайынғы дәстүрге айналған негізгі білім беру аттестатын тапсыру рәсімі салтанатты түрде өтті. Шәкірттерміз 9-жылдық білімдерін саралап, мемлекеттік сыннан сүрінбей өтіп, негізгі білім беру куәлігіне қол жеткізді.
2018-2019 оқу жылында мектепті 47 оқушы бітірсе, оның ішінде Айтжанова Аружан, Фазылова Мөлдір, Большевикова Нейла, Кушубаева Дильнур «Үздік аттестат» иеленді. Сонымен қатар, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласқан оқушылары - Айтмұхамбет Аружанға, Алданаш Аяжанға, Жасболат Елмираға, Жанат Жандосқа, Жанбырбаева Аружанға және «Көкше» МҮ–нен Айтжанова Аружанға, Хамзина Наргизға «Алғыс хат» табыс етілді.
Кеш барысында мектеп-гимназия директоры Мадина Бельгибаевна Хасенова оқушыларға жылы лебізін білдіріп, алдағы тұрған үлкен өмірге сәт сапар тіледі. Кеш барысында оқушылар өздерінің дайындаған шағын концерттік бағдарламасын мұғалімдер мен ата-аналарға тарту етіп, ризашылықтарын көрсетті.
|