Текст
Мектебімізде "Болашақ" жазғы ойын сауық лагері бүгін де өз жұмысын жалғастырды. Әдеттегідей спорт үйірмесінің жетекшісі Н.А.Темірғали балалармен таңғы жаттығу жасатты. Н.Т.Абылкаликов мектеп алаңына шығып "Допты шапшаң қағып ал" атты ойын ойнатты. Сонымен қатар "Караоке" үйірмесінің жетекшісі Г.К.Сабиржанова балаларға "Вместе весело шагать" атты әнін үйретсе; "English club" үйірме жетекшісі М.С.Даулетбаева "To decorate the scene" тақырыпта сабақ берді. Бүгінгі күннің соңында қалалық "Әулет" шығармашылық орталыққа барып, қызықты шебер сыныптарға қатыстық. Балалар үшін бүгінгі күн өте жақсы өтті.