Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн: I. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары - Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. - Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. - Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз. - Техникалык ескерту белгілерінің үстіне шығушы болмаңыздар. Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.