Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп - гимназиясының жылдық жоспарына сәйкес Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерейтойына орайластыра "Тарихқа тағзым" атты әдеби - ақпаратты сазды кеш ұйымдастырылды. Кешке Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы музей қызметкері Махметоа Аягөз Мұратқызы қатысып, Ұлы Отан соғысының батыры Мәлік Ғабдуллин жайлы ақпарат орналасқан көрме жайып, оқушылар мен ұстаздарға және тыл ардагерлеріне толық мәнді деректермен таныстырды. Көкшетау қаласының Тарихи музейінің қызметкері, экскурсоводы Зарапова Гүлмира Қарақайқызы жайған көрме Ақмола облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан , ерлікпен қаза тапқан және қазіргі таңда арамызда жүрген ардагерлер жайлы тың деректермен бөлісті. Өткізілген іс -шараға қатысқан тыл ардагерлерінің аузынан естіген ақыл-кеңестері, әр баланың бойына елге, жерге, соғыс ардагерлеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікті ұялатты.