Красный Яр ауылының # 3 көпсалалы мектеп - гимназиясында 2022 жылдың 18 мамыр күні 9-11 сынып оқушыларының ата - аналарымен мектепішілік жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп-гимназия директоры Бактыбаева Гульзат Оразбаевна ата - аналар қауымдастығының алдында бюджеттен жұмсалған қаражат жайында есеп берді. Екінші көтерілген мәселе бойынша сервистік тәсілді енгізу мақсатында Ақмола облысының білім, денсаулық сақтау басқармалары полиция департаментінің өкілі Ақмола ПД есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл басқармасының аға жедел уәкіл полиция полковнигі Курсанова Разия Талгатовна мен Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің юстиция капитаны пробация инспекторы Хасенова Салтанат Бахытовна "Нашақорлықтан сақтану шаралары" тақырыбы бойынша ақпаратпен бөлісіп, ата - ана сұрақтарына жауап берді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самуратова Сандуғаш Асылбекқызы жаңа оқу жылындағы мектеп формасы, жазғы сауықтыру жұмыстары, соңғы қоңырау жиыны және жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық тақырыбы жайында айтып, ой бөлісті.