Кешегі күні қос палатаның біріккен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауымен ел алдына шықты. Жолдауды ұжым болып тыңдаған #3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназия ұстаздары Жолдауда уақытылы, өзекті мәселелер қозғалғанын байқады. Ұстаздар қауымын аса қуантқаны, әсіресе, педагог мәртебесінің артуы. Лауазымына тән емес функционалды орындамау, артық есептерден арылуы, жалақысының өсуі, шығармашылық пен ізденіске уақытының босауы - бұның бәрі де білімді де шығармашыл тұлғаның калыптасуына зор әсерін тигізеді. Бала құқығын қорғау жөнінде арнайы бағдарламалар қабылдау - кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық, тұрмыстық зорлық- зомбылық, басқа да жағымсыз жәйттердің алдын алатынына сенімдіміз. Және де осы бағытта Президент педагогтар қауымына үлкен сенім білдіріп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы болашаққа нақты бағдар беріп, алдымызға жаңа мақсат-міндеттер қойып отыр. Ұжым болып, Президенттің Жолдауын қолдайтынымызды білдіреміз.