Мектеп ішінде 13 қыркүйек күні «Мектеп президентін» тағайындау бойынша оқушылар арасында бірыңғай дауыс беру арқылы «Мен лидермін!» атты жарыс өтті.
Жарыстың мақсаты: әр оқушыға өзіне сенім білдіріп тұрған кандидатураға дауыс беріп, оны таңдауға мүмкіншілік алу және қатысушыға өзін көрсете білуге қолдау жасау.
Президент лауазымына 9-10 сынып оқушылар арасында 4 үміткер шықты.
Жарыс барысында қатысушылар өздерін плакатқа жариялап, жақсы жағынан көрсетіп, мектепке қандай пайда келтіре алатындығын жариялады. Мектеп оқушылары конкурсқа белсенді қатысып, өз қызығушылықтарын арттыра білді. Әр оқушы өз дауысын өзінің таңдаған үміткеріне дауыс беріп, жәшікке салып отырды. Ол дауыстар жиналып, саналды. Сабақ соңында балалармен және жарыс қатысушылармен жиналыс ұйымдастырып, сол жерде дауыс беру қорытындысы айтылды. Дауыстар негізінде мектеп президентіне 10 «Б» сынып оқушысы Бауыржанқызы Нұржайна тағайындалды.