Мақаламды «Шынайы жақсылық адамдарға деген шексіз мейірімділіктен көрінеді»деген Жан Жак Руссоның сөзімен бастамақпын. Қазіргі күні шынайылық деген қасиетті әр адам бойынан тауып алу қиындық тудыратын және ойландыратын мәселе. Бірақ соның өзінде арамызда ондай адамдар баршылық, міне мен де осындай бір адам жайлы айтпақпын. Красный Яр селосында «Ақ Биік» ағаш өңдеу цехы жұмыс жасап, барлық халыққа қызмет етіп отырған жайы бар. Осы мекемені жүрегі таза, ақкөңіл, қолы ашық, жайдары мінез, бауырмал жан Курсарин Қайрат Ануарұлы басқарып отыр. Осы жанмен ең бірінші барып танысқаннан бастап , өзімнің туысымдай көріп кеттім.Мекемесіне барсаң болды, есік көзінен : -Кіріңіз, қайырлы күн, жағдайыңыз қалай?- деген сұрақтармен , жылы қабақ танытып, қарсы алады.Қандай мәселемен барсаң да:- Әрине шешім береміз, жауабын менен күтіңіздер!-деген сөзі адамға қанат бітіріп, еңсеңді бір көтеріп тастайды. Бұл кісі тек мектептерге ғана емес, мешіт, жанұя жағдай нашар үйлерге көмек қолын аянбайды. Осы кісіге барып, біздің мектептің Қамқоршылық кеңесіне мүшелікке кіре аласыз ба? деген сауалмен барғанда, лезде келіскен болатын. Сол күннен бастап, Қайрат Ануарұлы мен жұмыс жасайтын № 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп –гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қағиданы ұстанған Қайрат Ануарұлы әрдайым мектептің жағдайын қоңырау шалып сұрап тұрады. «Қолымнан келіп жатса ешқашан аянбаймын, егер бір мәселені шеше алмай жатсаңыздар, маған айтыңыздар»-деген сөзінен бір туғаныңмен пікірлесіп жатқандай сезімде қаласың. Қайрат Ануарұлы мектептің қамқоршылық кеңесіне кірген күннен бастап, мектептің барлық ісіне білек сыбана кірісті .Әр оқу жылы «Мектепке жол» акциясымен басталатынын барлығымыз білеміз, акция барысында мектептегі 172 балаға көмек көрсету жұмысы жүргізіледі. Осындай көмек қажет ететін оқушыларға Қайрат Ануарұлы киімдей, ақшалай көмек жасаса, ал қысқы мезгіл кезінде мектеп ішінде басқадай да көмек сұрайтын ата –аналарға отынмен , көмірмен, ақшалай көмек көмегін үнемі жасап тұрады. Атам қазақ: «Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші»демекші, біз де Қайрат Ануарұлын мектепке келген жарықтай көреміз. Қазіргі таңда халықтың ниеті де біршама өзгеріп, байыған сайын қолы қысқарып отырған жандарымыз баршылық. Көмек сұрап барғанның біразын қайтарып жіберген жандарды да көрудеміз. «Береген қолым, алаған» демекші, Қайрат Ануарұлы оң қолымен берсе, құдай оған сол қолымен орнын толтырып отыр деп ойлаймыз. Өз бала –шағасының аузынан жырып берген көмегін ешқашан бұлдамайды. Сондықтан да , Қайрат Ануарұлының қамқорлық істері жыл бойына жалғасын табуда екендігін мақтанышпен айтып отырмын. «Жақсының жақсылығын айт, мерейі тасысын!» дейді, мен де солай ойлаймын, мен туралы айтпаңыздар, ол қажет емес десе де, айту менің міндетім деп ойлаймын. Өйткені , жыл бойына жалғасып жатқан мектеп тіршілігінде мысалы, жаз мезгілі, бала денсаулығы мен сауықтыру жұмыстары басталғанда,Қайрат Ануарұлы мектеп оқушыларының ойнайтын сауықтыру алаңын шарбақпен қоршап, баланың басына күн өтпей ойнайтын шатыршаны да өз мекемесіне жасатып, әкеп берді. «Жақсылық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр»демекші, өзінің жақсылығын ешкімге айтапыңдар, алладан қайтсын- деп сөйлейтін Қайрат Ануарұлына айтар мектеп ұжымының атынан алғысымыз шексіз. «Жақсыны халық мақтар, жаманды халық даттар» деген нақыл да, ақыл сөзге қосыла отырып, жақсы адамның игі ісін осылай айтып, мақтап отыру әр адамның парызы деп ойлаймын. Қайрат Ануарұлының сөзімен айтсам, «Келешек жастар қолында, оларға дұрыс жол сілтеп, көмек қолын созып, дұрыс тәрбие беру барлығымыздың міндетіміз»-деп сөйлейтін ағамызға жұмыста табыс, отбасында береке, деннінің саулығын тілеп отырып, осындай жандар саны көбейсе, еліміз де көркейеді демекпін.