Жас таланттарды анықтап, олардың одан әрі дамуы үшін мектеп ішінде ұстаздар аянбай жұмыс жасайды. Қазағымыздың ұлысы Абай атамыздың мерейтойы қарсаңында басталған "Әлем таныған -Абай" атты жоба аясында жүргізіліп жатқан қосымша жұмыстардың бірі ол - қашықтық сайыстар. Осы сайыстарға тек жоғарғы мен ортаншы буын оқушылары ғана емес,сонымен қатар бастауыш сыныптар ішінде: 3 "а" сыныбынан Нусупханова Лаура, Айтмұхамбет Ералы, Большевикова Ақниетті жақсы дайындаған жетекшісі Абилова Асемгүл Аскерқызының еңбегі жанып, оқушылары жақсы қатысып, өзгелерден дараланып, мақтау дипломдарын алды. Ол бір қуантарлық жайт болса, екінші мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Садыкова Гүлнар Екпінқызының дайындауымен Көкшетау қаласында өткен Халықаралық "Жаңа формат" атты фестивальдан Шалтай Інжуна мен Берік Сезім деген оқушыларымыз 2-3 орынды иеленіп, жақсы қатысқандары үшін мақтау қағазы, медаль алып, мектебіміздің мерейін асқақтатып келді. Осы оқушыларға болашақта білім мен тәрбиені қатар ұстап, жұлдыз атана берулеріне тілектеспіз. Сайысқа ұстазға үлкен қолдау жасап ,баланы сахнаға сай киіндіргені үшін ата -аналарына алғысымыз шексіз дей отырып, рахмет айтамыз