Текст
Бүгін бастауыш сынып мұғалімі Амангелді Гүлдана Сапабекқызы 2 "В" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Дауыссыз п мен б" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылармен жеке, жұптық, жұмыс түрлері жүргізілді. Оқушылардың танымдық, шығармашылық, қабілеттерін дамыту мақсатында "Құпия зат", "Жалғастыр" "Ой жалғау", "Сандарды ретімен орналастыр", "Иә, жоқ" әдістері қолданылды. Сонымен қатар "Ым-ишара", "Дыбысын тап" ойындары оқушылар үшін өте қызықты болды.