Текст
№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп -гимназиясында Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығына орай "Сәкеннің поэзиясына сапар"кеш өтті. Мақсаты жас ұрпақтың еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен Алаштың ардақтысы С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси- қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Кеш барысында С. Сейфуллиннің өмірі айтылып бейнефильм көрсетілді. Оқушылар С. Сейфуллиннің өлеңдерін қазақ, ағылшын тілдерінде жатқа айтты. Көкшетау, Тау ішінде әндері тыңдалды