«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің
Красный Яр аулының №3 көпсалалы мектеп – гимназиясы»КММ
2021-2022 оқу жылының қорытындысы
Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында 863 оқушы білім алды. Сынып комплектісі - 41. Сыныптардың орташа сыйымдылығы -25.
Мектеп ұжымында 84 педагог бар. Педагог-зерттеуші – 19, педагог-сарапшы – 17, педагог-модератор – 24, жоғары санатты - 3, І санатты - 6, ІІ санатты - 1, санаты жоқ - 13.
2021-2022 оқу жылы мектебімізде 15 педагог біліктілік курстарынан өтті. Инклюзивті оқыту бойынша 1 мұғалім сертификатталған.
Педагогикалық ұжым өз жұмысын оқу-тәрбие үдерісінің деңгейін көтеру бойынша жалғастырды. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп оқушыларының білім сапасы-72,2%, үлгерімі 100 %.
2021-2022 оқу жылында негізгі мектепті ерекше үлгідегі аттестатпен Айтжанов.І.Қ, Дарибаева.Ж.Д, Сайлаубаев.Ж.Е, Даян.Е.Д. аяқтады.
Биылғы оқу жылында мектебімізге 1 жас маман еңбек жолын бастады. Педагогтардың әдістемелік шеберлігін арттыру мақсатында мектеп ішінде түрлі коучингтер, оқыту семинарлары, әдістемелік айлықтар, мектепішілік курстар өткізілді. Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін енгізу мақсатында біздің мектебіміз жетекші мектеп болып табылады.
Мұғалімдер қалалық, облыстық, республикалық деңгейде педагогикалық тәжірибелерін таратты, зерттеу жұмысы мен авторлық бағдарлама, әдістемелік нұсқаулықтар жазумен айналысты. Қалалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.К.Шаймерденова «Секреты русского языка» атты 7 сыныпқа арналған факультатив курсы әдістемелік құралымен қатысып ІІІ орын алды, қалалық «Озат тәжірибе тарату» байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.О.Бактыбаева «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сатылай –кешенді талдауды тиімді қолдану» атты әдістемелік құралымен, бастауыш сынып мұғалімі А.А.Ахметбекова «Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу жолдары» тақырыбында әдістемелік құралымен, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Н.Жумагулова мен бастауыш сынып мұғалімі А.А.Ахметбекова «Жаңартылған білім берудегі әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік құралымен қатысты.
«Білім сапасын арттыру жолдары ;ізденіс және тәжірибе » тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Қазақтың бас ақыны Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы -ұлттың ұлы ұстазы » атты қалалық «Ахмет оқулары» , «Абай оқулары» өтті.
Мектептің жоспары, дамыту жоспары жүзеге асырылды.
Жаңартылған білім мазмұны жағдайына тез бейімделе отырып, білімді, бейінді, жан-жақты тұлға қалыптастыру бағытында жұмыс жасалды.
Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы “Білім - инновация” лицей - интернатында ауыл мектептерінің 9 - сынып оқушылары үшін “Huckathon” IT Кенжегалиев Есткали қатысып өзінің жобасын қорғап, ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
«Зерде» 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалар сайысына 15 оқушы қатысты. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары: 3 «А» сынып оқушысы Амантайұлы Даулет ІІІ орын жетекшісі Магауина М.Е. ,6 «А» сынып оқушысы Ердібатыр Хамза ІІ орын жетекшісі Кулыбекова Б.Е.
8-11 сынып оқушыларының ғылыми жоба жарыстарының облыстық қорытындысы 9 «Ә» сынып оқушысы Мухамеджанов Алихан І орын жетекшісі Самуратова С.А.
Мектептегі жүргізіліп отырған іс-шаралар ата-аналар қоғамдастығының қатысуымен өткізілді, мазмұнды іс-шаралар мектеп өмірі қызықты, жарқын болуына ықпал етті.
Мектеп әкімшілігі оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, тәрбиелік деңгейін көтеру, бос уақыттарын тиімді өткізу үшін оқушыларды түрлі байқауларға, интеллектуалды сайыстарға қатыстыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Биылғы оқу жылы өзіндік ерекшеліктерімен өтті. Әлемде орын алған пандемия қиыншылықтарына қарамастан оқушылар мен ұстаздар толағай табыстарға жетіп, мектептің рейтингісінің көтерілуіне орасан үлестерін қосты. Нәтижесінде мектеп-гимназияның оқушылары осы оқу жылдың қорытындысы бойынша әр түрлі олимпиадаларға, байқауларға, сайыстарға қатысып, қала көлемінде 100-ден аса, облыстық – 16, республикалық – 14, халықаралық деңгейде – 13 жүлделі орынға ие болды.
Сабақтар арасындағы үлкен үзілістерде оқушылардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізу үшін дәлізде шахмат ойнау орындары орналастырылған және «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында «Әдебиеттік оқу минуттары» жүргізіледі.
«Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында 5-сынып оқушыларының арасында «Менің сүйікті авторым» үздік презентация қалалық байқауында А.Көпей ІІІ орын алды. Қалалық «Үздік буктрейлер» байқауында 7 сынып оқушысы Ж.Жолдасбек І дәрежелі диплом және ақшалай сыйақымен марапатталды, жетекшісі мектеп кітапханашысы Ш.Е.Омарова.
Мектепте түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар жүргізіледі. Мектеп оқушыларының 62,5% қосымша біліммен, 35% спорттық үйірмелермен қамтылған.
Кәмелетке толмаған оқушыларды тіркеу инспекциясының есебінде оқушылар тіркелмеген.
Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымның алға қойған мақсаты білім сапасын арттыру, тәрбие деңгейін көтеру, материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстарын жалғастыру қажет.
Қорыта келе, ата-аналар қоғамдастығымен ынтымақтастықта жұмыс атқара отырып, жоғарыда қозғалған мәселелерді шешіп, көзделген мақсатымызға жетеміз.
Көпсалалы мектеп - гимназиясы директоры Г.О.Бактыбаева