№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп гимназиясында 18 қараша күні лездеме өтті. Лездеме барысында əр сынып өз кезекшіліктері туралы есеп берді. Мектеп президенті мектептің ішкі тəртібі туралы оқушыларға тағы бір мәрте айтып шықты. Келесі кезекте, мектебіміздің директоры Мадина Белгибайқызы оқушыларды өткен апта ішінде жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, Жалпы білім беретін пəндер бойынша ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде "Ғылыми-техникалық прогресс -экономикалық өрлеудің буыны ретінде" физика секциясы бойынша 3 орынға ие болған 10 -сынып оқушысы Жолдыбай Эльдар ІІІ дәрежелі дипломмен , Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қыздар арасындағы волейболдан өткен турнирде І орын алған 9 А , ІІ орын алған 8 А және ІІІ орын алған 10 А сыныптары марапатталса, "Ақмола адалдық алаңы"жоба жоспары аясында өткен "Театр-ғажайып əлемі " атты қуыршақтар көрінісінен І орын иеленген 6 Ə , ІІ орын 6 В , ІІІ орын 6 Б және белсене қатысқаны үшін 6 А сыныбы марапатқа ие болды. Сонымен қатар, "Рухани жаңғыру -болашаққа бағдар " бағдарламасы аясында облыс көлемінде өткен "Алтын сақа" сайысына белсене қатысқаны үшін: Ермек Толқын,Амантай Дәулет, Амантайқызы Нұржамал, Жексенбай Ержан, Кеңес Арлан сертификаттармен марапатталды.