Текст
Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында көптеген іс-шаралар өтіп жатқаны баршамызға аян. #3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясының тәжірибелі ұстазы Айтенова Кенжегул Сакеновна өзі сабақ беретін 6 Ә сынып оқушыларымен "Абай-дана, Абай-дара қазақта! " тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Ақындық қабілеті бар оқушылар өз өлеңдерін оқыса, өнерлі оқушылар драмалық қойылым қойып, әндерін орындады. Талаптарыңа нұр жаусын, жас жеткіншектер!