2022-2023 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 20.02-24.02 аралығында «Бейіндік оқыту-оқушы қызығушылығына сай саралай оқыту» тақырыбында гимназия сыныптарындағы факультатив апталығының жоспарына сәйкес 9 «А» сынып оқушыларымен математика пәні мұғалімі Шаймерденова С.Б. мен физика пәні мұғалімі Тулегенова Г.К. «Білімділер додасы» пәндік сайыс өткізді. Сынып оқушыларынан «Пифагор» және «Паскаль» деп 2 топ құрастырылды. І топ басшысы Большевикова Гүлбану, ІІ топ басшысы Еслямбек Асанали. Сайыс төрт кезеңнен тұрды: І – кезең: «Ол кім? Бұл не?», ІІ-кезең: «Сөз жұмбақ», ІІІ-кезең: «Құпия алаң», IV – кезең: «Логика әлемі». Балалар сайысқа қатысып, өз бідімдерін шыңдады.
Жеңімпаздар тәтті сыйлықтармен марапатталды.