Текст
№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп - гимназиясының ұжымы оқу-тәрбие жұмысының 1 жарты жылдық қорытындысын жасап, педагогикалық кеңес өткізді. Білім алушыларға жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру арқылы функционалды сауатты, білімді, жан-жақты, алған білімін кез-келген ортада қолдана алатын тұлға қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижеленді. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды ұстаздар бағыттар бойынша талдап, тың ұсыныстар жасады. "Еңбегімен еленген ер", "Көненің айтқандары" "Латын әліпбиіне көшу жұмыстары", " Табиғатым- тал бесігім", "Мамандық таңдау" жобалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талданды. Ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!