Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп- гимназиясында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Мәлік Ғабдуллин музейі» КММ -нің ұйымдастырумен М. Ғабдуллин атындағы «Жас Ұлан » әскери патриоттық клубына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті. Аталмыш іс- шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, мұғалімдер мен оқушылар, ардагерлер және БАҚ өкілдері қатысты. «Мәлік батырдың өмірі мен ерлігі жас ұрпаққа өшпес өнеге» атты іс- шараның негізгі мақсаты бүгінгі күннің батырларын тәрбиелеуге ат салысу, оқушыларға Мәлік батырдың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу және оларды өз елінің патриоты болуға баулу , тарих пен әдебиетті ұштастыра отырып, ұрпақ санасына ұлтжандылық пен отансүгіштік қасиеттерін дарыту.
Жас Ұлан әскери патриоттық клубтың 10- сынып оқушылары өздерінің әскери өнерін көрсетті. Қаруды бөлшектеу және құрастыру нормативі бойынша Сайлаубаев Жоламан ерекшелесе, көзді байлап , қаруды құрастыру және бөлшектеуде Сейлбек Айлана үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Красный Яр ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбішев Есенбек 10- сынып оқушыларына мүшелік билеттерді табыстады.