03.03.2023
22.02.2023 ж. орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында орыс тілі мен әдебиетін оқу кезінде алған білімдерін жалпылау үшін, орыс тілі мен әдебиетін оқуға танымдық қызығушылықты дамыту мақсатында "Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп – гимназиясы" КММ-де 7 "Г" сынып оқушылары арасында "Не ? Қайда? Қашан?" атты зияткерлік ойын өтті.Ойынды орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Шаймерденова Ш.К. мен Ташмағанбетова Ж. М. өткізсе,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сабиржанова.Г.К. «Юный корреспондент» факультативіне қатысатын 5 «А»оқушыларымен «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасына саяхатқа барды. Саяхат барысында «Қазақстан - Көкшетау» телеарнасының қызметкерлері оқушыларға ақпарат берді, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.Осы күні 11 "Б" сыныбының оқушысы Әсемгүл Сейтімова Көкшетау қаласының Әл-Фараби Атындағы ІТ –лицейінде өткен "Созвездие творцов " сайысына қатысып "Ең үздік патриоттық шығарма" "Мориарти патриотизмі"номинациясын жеңіп алды. Әсемгүлді және оның жетекшісі Г. К. Дауылбаеваны құттықтаймыз.