"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адалдық - ардың ісі

23.01.2020

№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыруымен Республикалық «Адалдық алаңы» акциясы өтті. Ақмола облысы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» департаментінің мамандары мектеп оқушыларының осы бағытта жүргізіп жатқан жұмыстарымен танысты. Оқушылармен өткізілген «Адалдық – ардың ісі» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысында өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсаты қойылды7. Жастар – ел тірегі! Өсіп келе жатқан жас ұрпақ, болашақ жастар адалдық және парасаттылық құндылықтарын жоғары қоятын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптасқан тұлға болып қалыптасуы бүгінгі мектеп қабырғасында беріліп жатқан тәрбиеге байланысты болмақ. Биылғы жыл - ерекше жыл, халқымыздың ғұлама ойшылы, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Ұлы бабамыз өзінің еңбектерінде адал еңбекті, адал ара қатынасты өмірлік ұстаным етуді дәріптеген. Өзінің отыз үшінші қара сөзінде, ол: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі - сол», - деп ойын тұжырымдаған. Тағы бір өлеңінде: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, жастарды адал жүріп, адал тұруға және адал еңбек етуге шақырды. Ал, ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы Шәкәрім қажы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи», - деп бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Ендеше, адалдық – адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірі. Ол жалған сөйлемеу, жалтармау, уәдесінде тұру сияқты қасиетті қамтиды. Баланы адалдыққа тәрбиелеу - адал еңбекке, әдептілікке үйретуден басталады. Парасаттылық туралы айтатын болса, өткен жылы Арыс қаласында төтенше жағдай орын алғанда бүкіл қазақ елі Арыстықтарға қолдарынан келген қайырымдылықтарын жасап, үлкен парасаттылықтарын танытқанын білеміз. Қоғамда, өскелең жастар арасында «парасаттылық принциптерін ілгерілету, «парасаттылық, әділдік, шынайылық» ұғымдарын трендке айналдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұрпақ қалыптастыру-бүгінгі қазақстандық мектептердің алдына қойылып отырған үлкен мақсат. Рухани жаңғырған, ұлттық мүддені жоғары қоятын, тарихын бағалайтын және болашаққа еш кіршіксіз сенетін рухты жастардың өсіп келе жатқаны бізді қуантады. Біліммен қаруланған, ақыл - парасаты толысқан адал ұрпақ - Қазақстанның болашағы!

Просмотров: 544


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст