Текст
№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!" атты тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, жеңіске жету жолында жан қиярлықпен ұрысқа қатысқан батырлардың ерлігін насихаттап, әр бала бойында патриоттық, азаматтық, елжандылық қасиеттерді дарыту, қазіргі таңда арамызда жүрген ардагерлерімізді құрметтеу, мақтаныш ету насихатталды.