Текст
№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясының жоспарына сәйкес Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жүріп жатыр. 1 "А" сынып оқушылары Жасұлан Нұржан "Құлақтан кіріп бойды алар" өлеңін, Фазылова Айару "Қыс" өлеңін, Сейілбек Айзере "Жазғытұры" өлеңін, Тоқтар Сапар "Сегізаяқ" өлеңін жатқа оқыды. Бүлдіршіндер Абай аталарының өлеңдерін оқып, тағылым алды. Сынып жетекшісі Майра Елубаевна Магауина жас ұрпақтың бойына Абай аталарының дана, асыл сөздерін меңгертіп, насихаттады