Текст
№ 3 Красный Яр көпсалалы орта-мектеп гимназиясында бүгін сүйіспеншілік, махаббат, өмір мәні туралы 6 В сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға сүйіспеншілік құндылығы мәнін ашу, ата-анаға деген шексіз сүйіспеншілікті түсіндіру. Балаларды кешірімшіл болу, адалдық, сенімділік, ізгілік қасиеттерін дамыта отырып, айналасындағы адамдарды риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу. Балаларға сабақ өте ұнады, өз ойларын ортаға сала білді. Алған әсерлерімен бөлісті.