Текст
12 ақпан 2020 жылы №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп - гимназиясында өзін-өзі тану пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында 2 «А» сыныбында «Сүйіспеншілік-өмір негізі!» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылардың сүйіспеншілік - жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Әлемдегі бар жақсылық сүйіспеншілік арқылы келетініне көз жеткізу. Сабақ барысында оқушылар С.А.Назарбаева жайлы бейнеролик тамашалап, мейірімділік, жақсылық, сүйіспеншілік туралы өз ойларымен бөлісті.