Текст
№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп - гимназиясында 12 ақпан күні "Өзін-өзі тану" пәні онкүндігі аясында "Сүйіспеншілік - өмір негізі" тақырыбында 4"Ә" сыныбымен ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: оқушыларға қарым - қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру. Сабақ барысында оқушылар жақсы көру, сүйіспеншілік ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсініп, өз ойларымен бөлісті.