Текст
Жарайсың, Нұрислам!Облыстық "Көкшетау" мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған "Жас батыр - 2020" ер балалардың қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін, тарихын дәріптейтін сайыста # 3 ККОМГ-ның 5 "Ә" сынып оқушысы Дастанов Нұрислам 1 орын алды. Ана рөлін сомдаған Бауыржан Нұржайна,
көріністі орындаған Құдайберген Ерсұлтан мен Бостандық Әділханның да шеберліктері жоғары болды. Ұлттық рухын, Отансүйгіштіктерін, шығармашылықтарын насихаттап, хас батырдың бейнесін сомдауларына ат салысқан жетекшілері С.Н.Жумагулова, С.А.Самуратова, Г.Е.Садыкова мен ата-аналарының еңбегі зор. "Береке барда - жеңіс бар" деген осы. Жарайсыздар!