"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында «Жаңартылған білім мазмұны аясында орыс тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар өтті.

02.03.2020

Көкшетау қаласының білім бөлімінің қалалық орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес 2020 жылдың 26 ақпанында  № 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп –гимназиясында «Жаңартылған білім мазмұны аясында орыс тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты:орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңартылған білім мазмұнын меңгерту, оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін қолдану,мектеп бітіруші түлектерді қорытынды аттестаттауға сапалы дайындау;

Семинар жұмысын директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары С.Н.Жұмағұлова ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі А.Б.Кулымбасова мектеп-гимназия тарихымен, мектеп жетістіктері, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен оқушылардың жетістіктерімен таныстырды. Семинар аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 4 ашық сабақ берілді. Педагог-зерттеуші                                   мұғалімдер И.С.Бексултанова, Г.К.Сабиржанова, педагог – сарапшы мұғалімдер Ш.К.Шаймерденова,А.Б Кулымбасовалар ашық сабақ барысында жаңартылған білім мазмұнын меңгертуде жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді, педагогикалық шеберліктері мен озық тәжірибелерін көрсетті. Семинарға қала мектептерінен 13 мұғалім қатысты, кері байланыс жасап, семинар жұмысына оң бағаларын берді.

Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст