Текст
23.10.2023
Республика күні қарсаңында Красный Яр ауылының "Көкше" МҮ ұйымдастырған "Ал, кәнекей, Әжелер!” байқауына Красный Яр ауылының # 3 көпсалалы мектеп - гимназиясының “Әжелер” алқасы қатысты. Сайыстың “Өз әулетін таныстыру”, “Өнерлінің өрісі кең” "Қазақтың ақ дастарханы", "Ақылы жарасқан әжелер" номинацияларында, бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын алды. Әжелерімізге алғыс айта отырып, ұзақ өмір тілейміз!