Текст
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" көрсетілетін мемлекеттік қызмет: "электронды үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz; www.egov.kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы жүзеге асырылады. Қызмет көрсету мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды. Мемлекеттік қызмет көрсету қағаз және электронды түрде іске асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін келесі құжаттар қажет:
1.өтініш; 2. дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
Қызмет көрсету уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін. Түскі үзіліс мерзімі: 13:00 – 14:30. Қызмет көрсету уақыты: 09:00-18:30.