Жыл басында кәсіптік бағдар беру бойынша жоспар құрылып, мектеп әкімшілігімен бекітілді. Алға қойылған мақсат: мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру. Оқушыларды, ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау-мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан кәсіптік бағдар беру бойынша 1 кабинет бөлінген. Кабинетте кәсіптік бағдар беру бұрышы бар. Стендке 9-11 сынып түлектеріне арналып жоғары оқу орындарының, колледждердің тізімі және мамандықтар тізімі, мамандық таңдаудың қыр-сырлары туралы мәліметтер ілінді.
Жалпы 9-11 сынып бойынша түлектер саны – 75. Оқушылармен бірлесе көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, Красный Яр селосындағы ЖСШ «Ақсай» және «Ақ биік» ағаш өндеу цехына, №1 Агротехникалық колледжіне, Көкшетау қаласындағы Құрылыс техникалық колледжіне, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне саяхатқа апарылды. Сонымен қатар Жоғары техникалық колледждің, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледждің мамандандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында мектеп оқушылары сұрақтар қойып, колледжде, ЖОО-нда оқуға өздерінің қызығушылықтарын білдірді.
Наурыз айынан бастап білім беру жүйесі қашықтықтан оқытуға көшкендіктен,WhatsApp желісі арқылы Көкшетау Гуманитарлы-техникалық колледж, Қазақ жоғары гуманитарлық-техникалық колледж, Бурабай колледждің мамандары мектеп түлектеріне, олардың ата-аналарына мамандық таңдау, таңдаған мамандықтың қыр-сырымен танысу бойынша өз жұмыстарын ұсынуда. Сәуір айында Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Talapker 2020» жас түлектерімізге арнап онлайн ашық есік күнін өткізді, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті де Zoom платформасы арқылы 11-сынып оқушыларына онлайн-конференциялар өткізуде.
Мектеп жасындағы жасөспірімдерге өзінің болашағын таңдауға келгенде көп ықпал ететін ата-ана болғандықтан, ата-аналармен де бірлесе жұмыстар атқарылды. Оларға сұранысқа ие мамандықтың түрлерімен, колледждермен, ЖОО-мен таныстырылды.
Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылықтарын, олардың қандай мамандыққа икемді екендігін анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. 9-сынып оқушыларынан «Сенің кәсіби-ой ниетің» «Қандай оқу бағытың таңдайсың?» атты сауалнамасы, 11-сынып оқушыларынан Голомушток сауалнамасы, Голландтың кәсіпті таңдау тесті алынды. Сауалнаманың нәтижелері оқушыларға, сынып жетекшілер мен ата – аналарға таныстырылып, кеңес берілді. Сонымен қатар, кәсіптік бағдар беру бойынша «Мамандық таңдау», «Мамандық таңдау – маңызды іс», «Техникалық мамандықты таңда!», бейнероликтері, «Мамандықтар әлемінде», «Мамандығым - мақтанышым», «Кім болам?», «Мамандықтың бәрі жақсы», «Мамандықты дұрыс таңдау – болашақты таңдау» презентациялар көрсетіліп, оқушыларға арнап көптеген ақпараттар берілді.
Мектеп-гимназия директорының м.а: Г.О.Бактыбаева
Орындаған: А.Х.Агайдарова