Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 84 бұйрығына сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету іске асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету:
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (портал арқылы):
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші (келу мектебі мен кету мектебіне);
- көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде)
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші (келу мектебі мен кету мектебіне);
2) құжаттарды қабылдау туралы есептен шығару талонында баланың толық аты-жөні, сыныбы, оқыту тілі, мектебі, білім беру ұйымының телефондары мен электронды мекен-жайы көрсетіледі.
Жұмыс уақыты:
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Кодекске сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.