Текст
Сербия мемлекетінің Врбас қаласында бокстан «Ұлт Кубогы » халықаралық турнирі өткен болатын. Аталмыш турнирге 2008-2009 жылдары туған Қазақстан, Болгария, Италия, Сербия, Черногория, Панама, Хорватия, Пуэрто-Рико, Греция, Босния және Герцеговина, Испания елдерінен 150 жасөспірім қатысты.Боксшылар арасында Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының 3 көпсалалы мектеп гимназиясының оқушысы Әділбай Бекарыс қатысып, жүлделі алтын медаль жеңіп алды.