Қалалық жаппай біліммен оқыту «Қамқорлық» айлығының №17 12.01.2018 бұйрығына сәйкес мектебімізде айлықтың өтуіне байланысты №111. 12.01.2018 жылғы бұйрығы шығарылып, жоспар құрылды. 2018 жылы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» республикалық акциясы өткізілді. Мектеп жоспарына сәйкес мұғалімдер мөлтек аудандарды аралап, рейдттер жасады. Рейдтің негізгі
мақсаты 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың контингентін нақтылау, оқудан жалтарған балалар мен жасөспірімдерді анықтау және оларды мектепке қайтару жөнінде шаралар қабылдау мақсатында елді
мекендердің аулалық тексерісін жүзеге асыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Мөлтек ауданы бойынша мектепке бекітілген оқушылар саны - 1233.
Мөлтек аудан бойынша 1 оқушы Байбатырова Дильназ үйде оқытылуда Валиханова 130/2 мекен-жайында тұрады.
Тексеріс қорытындысы негізінде оқумен қамтылмаған балалар саны анықталмады. Күнделікті оқушылардың сабаққа келуі қадағаланып, келмеген жағдайда, себебі анықталып отырылады. Бұл жұмыс мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң қадағалануда. Сабаққа келмей қалған оқушылар күнделікті анықталып, сынып жетекшілер ата-аналарына сабақ босату себебін алдын - ала телефонмен, үйлеріне барып анықтайды.
Жанұя жағдайы төмен, көпбалалы Саттибековтар, Мукановтар, Серікжандар отбасына киім-кешектермен, мектеп құралдарымен жан-жақты көмек көрсетілді.
Оларға қысқы куртка, жылы күртешелер тағы да басқа киім-кешектер таратылды.
04.09.2017 жылынан бастап жанұя жағдайы төмен оқушылар санының құрамында - 178 оқушы және жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған -6 оқушы бар. Мектеп бюджетінен жаппай біліммен оқыту қорынан қаржы бөлініп, арнайы смета жоспары бекітілді.
Бастауыш сынып оқушылары, жанұя жағдайы төмен, көп балалы,ата-анасының қамқорынсыз қалған
оқушылар және 1 сынып оқушылары түгелдей мектебімізде тегін тамақпен 100 % пайыз қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар 17 химтерапия алатын оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған, Мектеп бойынша 1 мүгедек бала:Батанас Гүлсана. Жыл бойы бұл балалар мектеп ішінде қатаң қадағаланады.
Нұрлы көш, Геолог-Сейфуллин, Автобаза, Элита мекен жайларынан оқушылардың мектепке келіп – кетуіне жағдай жасалған, арнайы кестемен автобустар оқушыларды тасымалдауда.
«Қамқорлық акциясы» негізінде 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
Жалпы қамқорлық айлығында бюджеттан көрсетілген көмекті теңгеге шаққанда – 525 мың теңге құрайды.