"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.02.2018

      Қалалық білім бөлімінің жоспарына сай 01-12.02.2018ж.  күндер аралығында «Өзін –өзі тану» пәнінен «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында  онкүндік  ұйымдасқан түрде өтті.

 «Өзін-өзі тану» бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес, қоғамдық-қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіну. Өзін және қоршаған ортаны тану арқылы баланың жан дүниесін байытып, рухани –адамгершілік білімді халықтық дәстүр арқылы жеткізу. Бала өз елінің, халқының мәдениетін сәби шағынан біліп өсуі маңызды.

Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу отбасы мен біздердің ең басты міндетіміз. «Тәрбие- отбасынан басталады» демекші, ата- аналарға осы пәннің қазіргі таңда қажеттілігін түсіндіре отырып, өз ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиесінің маңыздылығы зор екенін атап өткен жөн.

Апталықта өткізілген іс-шаралар:

     01.02.17ж. онкүндіктің ашылуы. 1- 11 сыныптар аралығында шаттық шеңбері «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  онкүндігінің салтанатты ашылуы болды.  Жауапты: ӘБ жетекшісі:Ожибаева Г.Қ, пән

мұғалімдері.

2-ші ақпанда «Мейірімін төгетін ана» атты кітап көрмесі өткізілді. Көрме мақсаты: Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, өзінің күш жігеріне сенуі, өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды!»

 «Анашыма арнаймын» ашық хаттар мен қолөнер бұйымдарының  көрмесі ұйымдастырылды.Көрмені ұйымдастырушылар технологияя пәні мұғалімдері.

     2.02-12.02 -ші ақпанда «Жүректен- жүрекке» тақырыбында қамқорлық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: Жан дүниесі ізгі, рухани бай тұлға қалыптастыру. Акцияда оқушылар  бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті, өмірге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, таныта алды.     Жауапты мұғалім Самкенова Н.М.

    5-ші ақпанда «Ағайын –ел ырысы» тақырыбында Ожибаева Г.К.    11 «Б» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Бауырмалдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

5-ші ақпанда «Батылдық пен өжеттілік» тақырыбында Дюсенбина А.У. 4 «А» сыныбында ашық сабақ өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды батылдық пен өжеттілікке тәрбиелеу.

 7-шы ақпанда «Алтын жүрек анам менің» мәнерлеп оқу сайысы 1-4 сыныптар арасында өткізілді.

7-ші ақпанда 3 «Ә» сыныбында  «Өнерлі бала - сүйкімді» тақырыбында Нуртазина Т.К. ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Оқушыларды әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу.

8-ші ақпанда 2 «Ә» сыныбында «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында Абдыкаримова Ж.З. ашық сабақ

өткізді. Мақсаты: Оқушыларды мейірімділікке, сүйіспеншілікке. Инабаттылыққа

тәрбиелеу.

9 ақпанда  «Шын жүректен» мерекелік концер, әндер байқауы өткізілді.

10-шы ақпанда «Мейірімді болайық» атты тақырыпта  жалғыз басты қарияларға көмек

көрсетілді.

12-ші ақпанда «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің жабылуы өтті. Сара Назарбаеваның туған күніне орай салтанатты сап түзеу өткізілді. Жылы құттықтау сөздері айтылып, оқушылар ән мен билер естіп тамашалады. Барлығы жоспарға сай орындалды.

Просмотров: 739


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст