Текст
№ 3 Красный Яр көпсалалы орта – мектеп гимназиясының 2-4 сынып оқушыларына Көкшетау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Сикало Гүлия Рамазановна «Таза қолдар акциясын» өткізді. Оқушыларға қолдарын қалай жуу керек екендігі, жұқпалы аурулардың көбі қолды дұрыс жумағаннан таралатындығы жайлы айтылды. Қолды сабындап жуудың тізбегін көрсетті. Бұл акцияның мақсаты оқушыларға кір
қолдардың зияндылығы ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілермен көз жеткізу, қолды таза дұрыс жумау денсаулыққа жау екендігін ұғындыру.
Оқушылар акция кезінде өз білімдерін , ойларын дәлелді түрде жеткізе алды.